Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағандыда екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

    Қарағандыда 28 жастағы Динара Минбаеваның жұмбақ өліміне қатысты іс қайта қаралуда. Туыстары полиция әрекетіне күмән келтіріп, қосымша тергеу талап етеді.

    Қарағандыда екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

    Фото: әлеуметтік желі

    Қарағандыда 28 жастағы Динара Минбаеваның қазасына қатысты қылмыстық істі қайта қарау талап етілуде. Екі баланың анасы 2025 жылдың 3 шілдесінде күйеуімен бірге тұратын пәтерден өлі күйінде табылған еді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін оның өлімі өз-өзіне қол жұмсау деп сараланып, тергеу тоқтатылған. Алайда марқұмның туыстары бұл қорытындыға күмәнмен қарайды.

    Динараның әпкесінің айтуынша, әйел қайтыс болар алдындағы күні күйеуімен жанжалдасып, полицияға шақыртып, жұбайының зорлық көрсеткенін мәлімдеген. Дегенмен туыстардың сөзіне сүйенсек, полицейлер арызды тек балағаттау фактісі бойынша жазуға кеңес берген.

    Сол түні Динара анасына қоңырау шалып, күйеуінің ұрып-соғып, тұншықтырғанын айтып, балаларын алып кетуді өтінген. Анасы Шымкенттен жолға шыққанымен, кейін қызы телефонға жауап бермеген.

    Марқұмның жақындары оның денесінде көгерген іздер болғанын, сондай-ақ қайтыс болғаннан кейін пәтердегі кілемнің жоғалып кеткенін айтады. Туыстары әйелдің өліміне қатысты басқа да болжамдарды тексеру қажет деп санайды. Олар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне істі қайта қарауды және оқиғаға дейін пәтерге барған полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап жүгінген.

    Динара Минбаеваның артында үш пен бір жарым жастағы екі ұлы қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →