Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

    БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады. Қарарға 32 мемлекет қолдау білдірді.

    БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

    Фото: СІМ

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен дайындалған «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді осы атаумен бекітті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл бастаманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірталас кезінде көтерген еді.

    Қарарға әлемнің түрлі аймақтарынан 32 мемлекет тең автор ретінде қосылды. Бұл бастаманың халықаралық деңгейде өзектілігін айқындайды.

    Құжаттың қабылдануы Қазақстанның жаһандық экологиялық бағыттағы жұмысының жемісі. Ел экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл аймақтарды кеңейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісіне үлес қосып келеді.

    Қарар әлем жұртшылығының көгалдандыру мен табиғатты қорғау маңыздылығын түсінуін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттер мен ұйымдарды тиісті шаралар қабылдауға ынталандыруға бағытталған.

    Бұл шешім Қазақстандағы «Таза Қазақстан» акциясының мақсаттарымен үндесіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен қоғамның экологиялық санасын арттыруды көздейді.

    Осылайша, Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасы жүзеге асып, елдің тұрақты даму мен табиғатты сақтау жолындағы ынтымақтастыққа ұмтылысы расталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →