Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады •

    Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді

    Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орынға көтерілді

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) екінші орта салмақтағы жаңартылған рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    Ұйымның 28 тамызда жарияланған ресми тізімінде Әлімханұлы 76,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орыннан бірінші сатыға көтерілді. Одан кейін америкалық Диего Пачеко мен даниялық Якоб Банк орналасқан.

    Бұл дивизиондағы WBO чемпиондық белбеуі британиялық Хамза Ширазға тиесілі. Бұған дейін ұйым Жәнібекті оның міндетті қарсыласы ретінде бекітіп, тараптарға чемпиондық жекпе-жекті ұйымдастыру жөніндегі келіссөзді бастауға тапсырма берген.

    Белгіленген мерзім ішінде келісім жасалмаса, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік саудаға шығарылады. Осылайша рейтингтегі бірінші орын Әлімханұлының Ширазбен өтетін титулдық айқасқа деген талабын одан әрі күшейтті.

    Жәнібек биыл жазда өзіне тиесілі WBO тұжырымының орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысқан болатын.

    Сондай-ақ Германияда тұратын Қазақстан тумасы Роман Фресс WBO рейтингінде бірінші ауыр салмақ бойынша бірінші орында тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →