Дастан Сәтпаев «Бернлиде» үздік ойыншы атанды
Дастан Сәтпаев «Бернлиге» ауысқаннан кейін екі апта ішінде матчтың үздік ойыншысы атанды. «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына ауысқанына небәрі екі апта болғанда-ақ, жаңа клубындағы алғашқы матчтарының бірінде үздік ойыншы атағын иеленді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл ойында Сәтпаев гол соға алмағанымен, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, командасының сенімін ақтады.
