Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті •

    Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты

    Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты

    Фото: youm7.com

    Мысырдың Синай түбегінде жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 21 адам қаза тапты. Тағы 29 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Arabi21 агенттігіне сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қыркүйекте Дахаб – Нувейба тасжолында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус Каирден Нувейба портына қарай бағыт алған. Салонда Мысыр мен Иордания азаматтары болған.

    Нувейба маңындағы жолдың бір бөлігінде автобус аударылып кеткен. Қаза тапқандардың арасында шамамен 10 жастағы бала болғаны хабарланды. Мысыр денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ахмед әс-Сабкидің айтуынша, зардап шеккендер алдымен жергілікті медициналық орталыққа жеткізілген.

    Кейін олардың бір бөлігі басқа ауруханаларға, соның ішінде Шарм-эш-Шейхтегі халықаралық клиникаға ауыстырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →