Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Жазира Байырбекованың қызы Дара мектеп табалдырығын аттады Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолындағы апат: алты адам қаза тапты Белгілі қазақ журналисі қайтыс болды Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты «Шашынан жұлып, құлағынан тістеген»: Алматы облысында үш ересек адам 16 жастағы баланы ұрды деп айыпталды Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Жазира Байырбекованың қызы Дара мектеп табалдырығын аттады Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолындағы апат: алты адам қаза тапты Белгілі қазақ журналисі қайтыс болды Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты «Шашынан жұлып, құлағынан тістеген»: Алматы облысында үш ересек адам 16 жастағы баланы ұрды деп айыпталды

    Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті

    Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» Тобының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ӨҚжЕҚ) қызметінің мамандары еңбек қауіпсіздігін басқару саласындағы сертификаттау курсы — IOSH Managing Safely халықаралық бағдарламасы бойынша оқудан өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бағдарлама өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру құралдарын қолдануға бағытталған. Оқыту мамандарға тәуекелдерді басқару тәсілдерін жүйелеуге және қауіпсіздік саласында негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бұл оқыту Қазақмыстың ӨҚжЕҚ мамандарының кәсіби құзыретін дамытуға және Топ кәсіпорындарында өндірістік тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

    Оқу сабақтары офлайн форматта үш алаңда — Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында өтті. Халықаралық сертификаттау курсын барлығы 139 маман меңгерді.

    Мамандар алған білімі мен практикалық дағдыларын күнделікті жұмысында — тәуекелдерді анықтап, бағалауда, алдын алу шараларын жоспарлауда және өндірістік үдерістің қауіпсіздігін бақылауда қолдана алады.

    ӨҚжЕҚ мамандарының кәсіби құзыретін дамыту — Қазақмыстың Топ кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін кезең-кезеңімен арттыруға және қауіпсіз мінез-құлықтың бірыңғай мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →