Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты •

    Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді

    Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді

    Түркістан облысының Келес ауданында жуырда жөнделген республикалық маңызы бар жол екі айға жетпей бүлініп, тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Абай ауылынан Жетісайға қарай, Лесбек батыр елдімекеніне жетпей, Яллама өткізу пунктіне апаратын жолдың кей бөлігі ойылып, шұңқырлар пайда болған. Тұрғынның айтуынша, бұл жолға асфальт төселгеніне небәрі бір айдай уақыт өтсе де, қазір кей тұсы сын көтермейді.

    Жол арқылы Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран бағытындағы көліктер қатынайды, ал жүргізушілер шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр. Жол республикалық маңызы бар болғанымен, Түркістан облысындағы жауапты билік өкілдері мәселені назардан тыс қалдырмай, сапасыз жөндеуге қатысты нақты шара талап етуі керек.

    Миллиондаған теңге жұмсалатын жолдың аз уақыт ішінде қайта бүлінуі жөндеу сапасына бақылау қаншалықты жүргізілді деген сұрақ туғызады.

    Фото және видео: @kazinform_kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →