1 қыркүйекте үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
«Қазгидромет» 1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Ауа сапасының нашарлау қаупі бар.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
