Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды •

    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды

    Гуанчжоудағы кітап көрмесінде қазақ әдебиеті таныстырылып, жаңа буын авторлардың шығармалары қытай оқырмандарына ұсынылды.

    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды

    Сурет: turkystan.kz

    Гуанчжоуда өтіп жатқан 30-шы Оңтүстік Қытай кітап көрмесінде Қазақстанның заманауи әдебиетіне арналған арнайы шара өтті. Қазақ қаламгерлерінің туындылары қытайлық оқырманға жол тартып, жаңа буын авторлардың шығармашылығы мен қазіргі әдеби үдерістер талқыланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сессия барысында Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы, Айсұлу Алмасбайдың «Жел тербеген әуен» атты балалар кітабы, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке» детективі және Нұрайна Сәтпаеваның «Мұхит жарыққа ұмтылады» прозасы көпшілікке ұсынылды.

    Кездесуде аударма ісі, шығармаларды халықаралық аренада дәріптеу және авторлық құқықты қорғау сынды мәселелер сөз болды. Сонымен қатар екі ел арасындағы баспа және әдеби байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды.

    Көрме барысында Қазақстан павильонында жүзге жуық кітап пен мәдениетіміздің асыл мұралары көрмеге қойылды. Экспозицияда заманауи әдебиет, балаларға арналған туындылар, мәдени мұра мен креативті индустрия бағыттары кеңінен қамтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →