Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды •

    Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды

    Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды

    Фото: Ашық дереккөз

    Алматыда 44 жастағы ер адам электр самокаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта Варламов көшесінде, Төле би даңғылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электр самокатын басқара алмай, бордюрге соғылып, кейін құлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Құлау салдарынан алматылық азамат өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алған. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

    Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға кезінде оның басында қорғаныс шлемі болмаған және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.

    Полиция электр самокатын пайдаланушыларға қауіпсіздік шараларын сақтап, қорғаныс шлемі мен басқа да қорғаныс құралдарын қолдану қажеттігін еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →