Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Ресми жалақысыз ипотека: Қазақстанда қай банктер қарыз береді • Ресейдегі Wildberries қоймаларына шабуыл: 223 қазақстандық кәсіпкер 1,45 млрд теңге шығынға ұшырады • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды •

    Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты

    Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты

    Фото: Ашық дереккөз

    Астананың Кирпичный ауданында қайғылы жол апаты болып, 46 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жол-көлік оқиғасы сағат 22:50 шамасында Жолымбет және Бестөбе көшелерінің қиылысында тіркелген.

    Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел Жолымбет көшесімен тротуарда велосипед теуіп келе жатқан. Бестөбе көшесіне таяған кезде ол тізгінге ие бола алмай, жолға құлап кеткен.

    Осы сәтте жол бойымен қозғалып бара жатқан «Газель» көлігінің артқы дөңгелегі әйелді басып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

    Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір мамандар жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →