Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт •

    Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды

    Қостанай облысының Жітіқара қаласында 15 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген ер адам 23 жылға сотталды. Сот оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге үкім шығарды.

    Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды

    Фото: freepik

    Қостанай облысының Жітіқара қаласында 15 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген ер адам 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот анықтағандай, биыл сәуірде ер адам ішімдік ішкеннен кейін жұбайымен жанжалдасып, оған пышақ жұмсаған. Әйелдің айқайын естіген 15 жастағы ұлы анасын қорғауға ұмтылған.

    Алайда ер адам жасөспірімнің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақат салған. Бала оқиға орнында қайтыс болған.

    Содан кейін сотталушы әйелін өлтіруге әрекеттенген. Бірақ жәбірленушінің ағасы кедергі жасап, әйелдің өмірін сақтап қалған.

    Сот ер адамды кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 23 жыл жазасын өтеуге үкім шығарған. Сондай-ақ, қайтыс болған жасөспірімнің анасына 15 миллион теңге, әкесіне 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →