Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті

    Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті

    Фото: видеодан скрин

    Алматы әуежайында FlyArystan компаниясының ұшағынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Air Astana тобының мәліметіне сәйкес, Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында өндірістік оқиға болған. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде әуе кемесінен өрт шыққан.

    — Өрт әуежайдың жедел қызметтері тарапынан дереу сөндірілді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды. Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған, — делінген мәлімдемеде.

    Air Astana тобы қазір әуе кемесі зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ол пайдаланудан уақытша алынып тасталғанын атап өтті. Одан бөлек өндірістік оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →