Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мама, өмір сүр, кетпеші!»: Анна Данченко анасының ауыр жағдайын айтып, елді жылатты Непалдағы су тасқынынан 157 адам қаза тауып, 403 турист хабар-ошарсыз кетті 232 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды Көрінбейтін қудалау: жасөспірімдер арасындағы кибербуллиң неге күшейіп барады және оны кім тоқтатуы тиіс? Астанада Аманжолов көшесінің бір бөлігі 26-29 тамызда жабылады Түркістан облысында суға кеткен баланың денесін іздеу қайта жанданды «Мама, өмір сүр, кетпеші!»: Анна Данченко анасының ауыр жағдайын айтып, елді жылатты Непалдағы су тасқынынан 157 адам қаза тауып, 403 турист хабар-ошарсыз кетті 232 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды Көрінбейтін қудалау: жасөспірімдер арасындағы кибербуллиң неге күшейіп барады және оны кім тоқтатуы тиіс? Астанада Аманжолов көшесінің бір бөлігі 26-29 тамызда жабылады Түркістан облысында суға кеткен баланың денесін іздеу қайта жанданды

    Непалдағы су тасқынынан 157 адам қаза тауып, 403 турист хабар-ошарсыз кетті

    Непалдағы су тасқынынан 157 адам қаза тауып, 403 турист хабар-ошарсыз кетті. Оның ішінде 340 шетелдік азамат бар. Украина мен Ресей азаматтарымен де байланыс үзілген.

    Непалдағы су тасқынынан 157 адам қаза тауып, 403 турист хабар-ошарсыз кетті

    Сурет: turkystan.kz

    Непалдың Қытаймен шекаралас таулы Расува ауданында болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 157-ге жетті. Бұл туралы turkystan.kz сайты хабарлайды.

    Елдің Туризм министрлігінің мәліметінше, 403 турист, оның ішінде 340 шетелдік азамат хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Байланыс орнату мүмкін болмай отырған туристердің ең көбі — 134 адам Үндістан азаматтары.

    Непалдағы табиғи апаттан кейін кемінде 53 украиналық және төрт ресейлік туристпен байланыс үзілгенін Украина мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері хабарлады.

    «Бүгін таңертең табиғи апат болған аймақта 46 Украина азаматы кірген туристер тобымен байланыс үзілгені туралы СІМ-ге өтініш түсті. Жалпы, Непал туристік полициясының мәліметінше, қазіргі уақытта табиғи апат салдарынан 53 Украина азаматы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында», — деп мәлімдеді Украинаның сыртқы саяси ведомствосы.

    СІМ өкілдері әзірге украиналықтардың арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер бар-жоғын білмейді.

    Ресей министрлігінің хабарлауынша, апат аймағында болған кемінде төрт Ресей азаматының қазіргі уақытта қайда екені белгісіз. Тағы сегіз азамат қауіпті аумақта болған, алайда олар аман-есен басқа елді мекенге жеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →