Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды

    Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында

    Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын пышақтап өлтірді деген айыппен сот алдында. Жасөспірімде параноидты шизофрения диагнозы бар.

    Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында

    Фото: Newtimes.kz

    Ақтөбедегі қасіретті оқиға өткен жылдың желтоқсан айында көпқабатты үйлердің бірінде болған. Тергеу деректері бойынша, жасөспірім өз анасы мен әжесіне пышақпен шабуыл жасаған. Зейнеткер әйел аман қалған, ал екінші әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған.

    Ақтөбеде осы іс бойынша сот процесі басталды. КТК телеарнасының хабарлауынша, жасөспірімнің өзі отырысқа қатыспаған. Қазір ол психиатриялық ауруханада жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша, оған параноидты шизофрения диагнозы қойылған. Мамандар оның қылмыс кезінде өз әрекеттерін сезінген жоқ деген қорытындыға келген.

    Сотқа жасөспірімнің әкесі мен әжесі келді. Екеуі де оларды түсірмеуді өтініп, түсініктеме беруден бас тартты. Болған оқиғаның мәліметтерін мемлекеттік айыптаушы оқып шықты.

    «Жасөспірім асүйде болған, анасы оған үлгерімі туралы ескерту жасаған. Осыдан кейін ол раковинаның үстіндегі шкафты ашып, қара тұтқалы пышақты көріп, алып, әйелді басқа бөлмеге дейін қуған. Сол жерде оған денесінің әртүрлі жеріне бірнеше пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан анасы сол жерде қайтыс болған», — деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры Ельдар Абиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →