Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрұлтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрұлтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Тоқаев: Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді

    Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен

    Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен

    Фото: pixabay

    Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында нан дүкенінің иесін пышақтап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат агенттігі kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап. 

    «Талғар өте қауіпті ауданға айналып барады. Ақтаста кеше түнде тандыр нан сататын жердің иесін 13 рет пышақтап кетіпті. Өзі өте жақсы кісі болатын. Жатқан жері жайлы болсын», – деп жазды Threads қолданушысы.

    Алматы облысы полициясы бұл деректі растап, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Жедел-іздестіру шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындап отыр», – деп хабарлады полиция.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдікті сөзге келіп қалған. Жанжал барысында күдікті ер адамға пышақпен екі рет жарақат салып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

    Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →