Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды •

    Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді

    Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Павлодарда төрт жасар баламен тротуармен келе жатқан ер адамның аяғының астындағы жер опырылып, ол ыстық су толған шұңқырға түсіп кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға Генерал Дүйсенов көшесі, 10 мекенжайында болған. Желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ер адам шұңқырдан өзі шығып, қасындағы баланы қауіпсіз жерге итеріп үлгерген, алайда тізеден жоғары тұсын екінші дәрежелі күйік шалған.

    Автордың айтуынша, бұл жерде ашық құдық та, құрылыс жүріп жатқанын немесе қауіп барын ескертетін белгі де болмаған. Тұрғындар қала ортасындағы жаяу жүргіншілер жолының неге мұндай жағдайға жеткенін және қауіпті аумақтың не себепті дер кезінде қоршалмағанын сұрап, Павлодар әкімдігінен түсініктеме талап етіп отыр.

    Әзірге әкімдік тарапынан оқиғаның себебі, жолдың жағдайына жауапты мекеме және кінәлі тұлғалар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

    Видео: @abdu_sabi.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →