Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды? Дастан Сәтпаев жаңа клубтағы алғашқы матчын өткізді Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді? Жалған дабыл мен шынайы дерт: қазақстандықтардың дерегі неге тәтті олжаға айналды? Дастан Сәтпаев жаңа клубтағы алғашқы матчын өткізді Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 24 тамызға арналған ауа райы болжамы

    Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

    Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордағы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол Әзірбайжан өкілінен жеңілді.

    Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

    Сурет: aikyn.kz

    Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты. Шешуші белдесуге дейін ол Канада, АҚШ, Нидерланд және Грузия өкілдерін жеңді.

    Финалда алматылық дзюдошы Әзірбайжан өкілі Фарид Рзазадемен кездесті. Шешуші белдесудің қорытындысы бойынша Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Гуаякиль қаласында 20–23 тамыз аралығында өтіп, оған әлемнің әр елінен үздік жас дзюдошылар қатысуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →