Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды •

    Астанада 21 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысы ашылды

    Астанада 2005 жылы болған кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Күдіктілер ұсталып, кінәсін мойындады. Тергеу жалғасуда.

    Астанада 21 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысы ашылды

    Сурет: madeniportal.kz

    Астанада 2005 жылы жасалған адам өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылып, күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға болған жылы елорда аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылған еді. Алайда сол кездегі тергеу барысында қылмысты ашуға жеткілікті дәлелдер болмаған.

    Биыл полиция істі қайта қарап, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

    Тамыз айында күдіктілер ұсталып, тергеу барысында кінәсін мойындаған. Қазір олардың екеуі де қамауда отыр.

    Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →