Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шалқарда кілтті кірпіштің астына қойған тұрғынның үйіне ұры түсті

    Шалқарда тұрғын кілтті кірпіштің астына қойып кеткен, ұры сол кілтпен үйге кіріп, 1 млн теңгеге жуық алтын ұрлаған. Күдікті ұсталды.

    Шалқарда кілтті кірпіштің астына қойған тұрғынның үйіне ұры түсті

    Сурет: turkystan.kz

    Ақтөбе облысының Шалқар қаласында бір тұрғын үй кілтін кірпіштің астына қалдырып кеткен, осыны пайдаланған ұры оның үйіне түсіп, қымбат әшекейлерді ұрлап кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Облыстық полиция мәліметінше, үйден шамамен 1 млн теңге тұратын алтын бұйымдар мен әшекейлер жоғалған.

    Полицейлердің айтуынша, ұры есікті бұзып немесе құлыпты ашып кірмеген. Үй иесі кілтті кіреберістегі кірпіштің астына жасырған, ал күдікті сол кілтті тауып алып, пәтерге кіруге пайдаланған.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп үлгерген.

    Қазір бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарға пәтер кілтін есік маңындағы кірпіштің, кілемшенің немесе басқа да көпшілікке белгілі жерлерде қалдырмауға кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →