Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанып, 35 мың доллар сыйақы алды. Жарыс АҚШ-та өтті.

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдеге ие болып, 35 мың доллар көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тоғыз турдың қорытындысы бойынша Асаубаева бес ұпай жинап, үшінші орынды америкалық Карисса Йиппен бөлісті.

    Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, үшінші орын алған екі шахматшының әрқайсысына 35 мың доллардан берілді. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 16 миллион теңгеге тең.

    Cairns Cup 2026 турнирінің жеңімпазы қытайлық Тань Чжунъи болды. Ол 65 мың доллар көлемінде жүлде алды.

    Ал екінші орынға ие болған америкалық Элис Ли 50 мың доллар сыйақы иеленді.

    Cairns Cup – әйелдер арасындағы ең беделді шахмат турнирлерінің бірі. Биыл жарыс АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтті.

    Турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрады. Бұл – жарыс құрылған алты жыл ішіндегі ең ірі жүлде қоры.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →