Суға талас: Жезқазған тұрғындары әкімдіктің әрекетіне наразы
Фото: ашық дереккөз
Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылында суару жүйесінің жұмысына тұрғындар наразылық білдірді.
Тұрғындардың айтуынша, жасыл желекті суаруға арналған жүйе небәрі 10–15 минутқа қосылады, алайда су ағаштардың түбіне жетпей, жаяу жүргіншілер жолы мен бос аумаққа ағып кетеді. Соның салдарынан су бар әрі суару жүйесі жұмыс істеп тұрғанымен, ағаштар қажетті ылғалды ала алмай отыр.
Желі қолданушылары суды жақын маңдағы Наурыз саябағына бағыттауды ұсынып, онда ағаштарға су жетіспейтінін жазған. Тұрғындар суару жүйесінің бағытын реттеу жергілікті әкімдік пен жауапты коммуналдық қызметтердің міндеті екенін айтып, мәселені шешуді талап етуде. Әзірге Жезқазған қаласы әкімдігінің бұл мәселеге қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
Видео: @ulytau_inside
