Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді •

    Көпірден қысылған халық: Қарасай ауданының әкімдігі жаяу жүргіншілер мәселесін шеше алмай отыр

    Көпірден қысылған халық: Қарасай ауданының әкімдігі жаяу жүргіншілер мәселесін шеше алмай отыр

    Фото: Видео скриншот

    Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында тұрғындар СДУ маңындағы жолдан қауіпсіз өту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғынның айтуынша, бұл жерде жолүсті жаяу жүргіншілер көпірі болғанымен, арба сүйреген ата-аналарға одан өту қиын. Жарияланған видеода көпірге баспалдақ арқылы көтерілетіні көрінеді, сондықтан балалар арбасымен жүрген тұрғындарға қолайсыздық туғызады.

    Тұрғындар әсіресе мектеп маңында жаяу жүргіншілерге қолайлы өткел жасап беруді сұрап отыр. Мәселе бойынша Алматы облысы әкімдігі мен Қарасай ауданы әкімдігінің қандай шара қабылдайтыны әзірге белгісіз. Тұрғындардың шағымынан кейін жауапты мекемелер бұл аумақтағы қауіпсіз әрі қолжетімді жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын қайта қарауы қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →