Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді •

    Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған туристі тапты

    Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған туристі тапты
    Фото: видеодан скриншот

    Алматы тауларында бірден екі туристке құтқарушылардың көмегі қажет болды. Олардың бірі байланысқа шықпай қалғаннан кейін іздестірілді. Ал екінші турист туралы хабар іздеу тобы кері қайтып келе жатқанда түскен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Бір күн бұрын турист Үлкен Алматы шыңы маңына барып, кейін байланысқа шықпай қалған. Оны ҚР ТЖМ «Барыс» Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздеді.

    «Құтқарушылар Аю-Сай және Проходное шатқалдарын, сондай-ақ Терра алаңы мен Алешкин көпірі аумағын тексерді. Турист Проходное шатқалындағы сарқыраманың маңынан табылды», – деді ТЖМ.

    Табылған туристке медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оны таудан төмен түсіріп, Алматы қаласы ТЖД қызметкерлеріне тапсырды.

    Алайда іздеу тобының жұмысы мұнымен аяқталған жоқ. Бағыттан қайтып келе жатқанда құтқарушыларға көмекке мұқтаж тағы бір турист туралы хабар түсті.

    «Іздеу бағытынан қайтып келе жатқан кезде Космостанция маңында аяғын жарақаттап алған тағы бір турист туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына бағытталды», – деп мәлімдеді ведомство.

    Топ зардап шеккен әйелге жетіп, оған алғашқы көмек көрсетті.

    «Құтқарушылар зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, төменге түсірді. Кейін оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды», – деп хабарлады ТЖМ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →