Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды •

    Астана – Щучинск автожолында жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына түсті

    Астана – Щучинск автожолында жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына түсті

    Фото: Видеодан скрин

    Астана – Щучинск тасжолындағы төлем бекетіне жақындаған жерде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол талғамайтын көлік үшінші және төртінші жолақтың арасындағы жол құрылымдарына соғылған. Соның салдарынан жол белгісі, бөлгіш қорғаныс буфері және бетон блок зақымданған.

    Көлікте жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Ол жарақат алмаған және медициналық көмектен бас тартқан.

    Екі жолақ уақытша жабылды

    Апаттан кейін үшінші және төртінші жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылған. Жол полициясы оқиға орнына сағат 10:06-да жеткен.

    Сағат 11:34-ке қарай көлік қозғалысы толық қалпына келтірілген.

    «ҚазАвтоЖол» рөлде бірнеше секундқа қалғып кету қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Егер жүргізушінің ұйқысы келіп, көзі ауырлай бастаса немесе зейіні шашыраса, жолды жалғастыра бермей, қауіпсіз жерге тоқтап, демалып алған дұрыс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →