Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты •

    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр

    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр

    Фото: Видеодан скрин

    Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы (бұрынғы Фабричный) ауылының тұрғындары жолдың жоқтығынан ашынып, жергілікті әкімдіктің әрекетсіздігіне наразылық білдіруде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ауыл ішіндегі Наурыз, А.Бейсеуов, А.Жұрынов және Әлібеков көшелері жылдар бойы асфальт көрмей, шұрық-тесік күйде қалып отыр. Әсіресе №1 мектепке апаратын жолдың тозығы жеткендіктен, жаңбыр жауса, көше тізеден келетін батпаққа айналады.

    Тұрғындардың айтуынша, кейбір көшелерге асфальт төселмегеніне 15 жылдан асқан. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда ата-аналар балаларының мектепке лай басып жүретініне алаңдаулы. Әкімдікке жасалған сансыз өтініштерден нәтиже шықпаған соң, халық шенеуніктерден ең болмаса жолды тегістеп, қиыршық тас төсеп беруді сұрайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →