Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО)

    «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды

    «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды

    Фото: ҚМА/Видеодан скрин

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірумен және өңдеумен айналысқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ведомство мәліметінше, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмысын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені іске қосылған.

    Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Ал шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.

    «Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған. Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген ҚМА хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →