Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды «1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытау облысында заңсыз марганец өндіріп келген қылмыстық топ ұсталды Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО) Оралда сегіз жастағы қыз септикке құлап, көз жұмды

    «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады

    «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады

    Фото: Offside.kz

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас мансабына уақытша үзіліс алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы уақытта не себепті рингке шықпағанын түсіндірді.

    Лукастың айтуынша, 2025 жыл ол үшін өте қарқынды өтті. Боксшы бір жыл ішінде алты кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, әр айқасқа ұзақ әрі ауыр дайындық жүргізген. Үздіксіз сапарлар, жоғары физикалық жүктеме, жарақаттар, ауру, стресс пен эмоционалдық қысым оның денсаулығына айтарлықтай әсер еткен.

    Ол өткен кезеңде сырт көзге тек жеңістер, белбеулер мен әдемі суреттер көрінгенімен, олардың артында үлкен физикалық және психологиялық қиындықтар болғанын атап өтті. Соған қарамастан Лукас жаттығуын жалғастырып, бірнеше рет ағзасының мүмкіндігі шегінде рингке шыққан.

    Қазақстандық спортшының кәсіби мансабындағы маңызды жетістіктерінің қатарында IBO Super чемпионы атануы, WBC рейтингінде бірінші орынға шығуы және IBF рейтингінде көш бастауға көтерілуі бар. Сонымен бірге ол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке бірінші үміткер атанғанын айтты.

    Қазіргі уақытта Лукас Еуропада жүр. Ол саяхаттап, жаңа жобаларға көңіл бөліп, физикалық және эмоционалдық тұрғыдан қайта қалпына келуге уақыт арнауда.

    Боксшы мансабын аяқтау туралы ойы жоқ екенін де нақтылады. Оның басты мақсаты — толықтай қалпына келіп, рингке тек маңызды мақсатпен оралу. Лукас кәсіби мансабын абсолютті әлем чемпионы атағын жеңіп алумен аяқтауды көздейтінін мәлімдеді.

    «Қазір мен өзімді таңдадым. Маған күшімді, тыныштығымды және рингке шығуды шын жақсы көретін Ангелинаны қайта табу керек», — деді ол.

    Спортшының сөзінше, ол міндетті түрде рингке оралады. Алайда бұл тек толық қалпына келгеннен кейін және абсолютті әлем чемпионы атағы үшін күресуге дайын болған кезде жүзеге асады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →