Алматыда қойма өртке оранды
Алматыда қойма ғимараты өртке оранып, мамандар жоғары шақыру деңгейі бойынша өртті сөндіруге тырысуда. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Фото: ТЖМ
Алматыда қойма ғимараты өртке оранып, мамандар жоғары шақыру деңгейі бойынша қызыл жалынды ауыздықтауға тырысып жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
— Жетісу ауданында, Тобаяқов көшесінде алдын ала мәлімет бойынша қойма ғимаратында өрт шыққан. Өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және оның таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылып, күштер мен құралдар жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
