Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды •

    Семейде қызғаныштан бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

    Семейде бұрынғы әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды. Оқиға 17 сәуірде болған, сот үкімі шықты.

    Семейде қызғаныштан бұрынғы әйелін өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

    Сурет: stan.kz

    Семейде бұрынғы әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген 52 жастағы ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Абай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 17 сәуір күні ер адам мас күйінде бұрынғы әйеліне ағаш таяқпен 28 рет соққы жасаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

    Сот отырысында айыпталушы қылмысқа қызғаныш себеп болғанын мойындады. Ол бұған дейін әйелінің жеке заттары мен құжаттарын өртеп жіберген. Сотталушы істеген ісіне өкінетінін білдірді.

    Сот үкімімен ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның ағасы жәбірленуші ретінде танылып, сотталғаннан моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндірілді.

    Қаза болған әйелдің кәмелетке толмаған екі баласының тағдыры әзірге шешілмеген. Сот Семей қаласының қорғаншылық органына балаларға қамқоршы тағайындау мәселесін қарауды жүктеді.

    Еске салайық, бұған дейін Семейде ер адам әйелін бейсбол битасымен ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →