Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды
коллаж: qazaqtoday.info
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар «Мектепке жол» акциясы аясында көмек ала алмай, облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Солардың бірі — 11 бала тәрбиелеп отырған Жаңылсын Қожақова отбасының табысы 200 мың теңге төңірегінде болғандықтан, алты мектеп оқушысын сабаққа дайындау өте ауыр екенін айтады. Ал 4 баланың анасы Марина Лебедева айына бары-жоғы 69 мың теңге табатынына қарамастан, жергілікті органнан бас тарту жауабын алған.
Ашынған аналар әкімдіктен іріктеу критерийлерін ашық түсіндіріп, өтініштерді қайта қарауды талап етіп отыр. Табысы төмен, мұқтаж отбасылар көмекке ілінбесе, онда бұл қолдаудың кімге беріліп жатқаны бәріне жұмбақ болып қалуда.
Әзірге жауапты мемлекеттік органдар бұл жағдайға байланысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
