Ақтөбе облысында тойдан кейін 26 жастағы жігіт өлтірілді
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында тойдан кейін болған жанжалда 26 жастағы жігіт қаза тапты. Күдікті ұсталып, тергеу жалғасуда.
Сурет: tengrinews.kz
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында тойдан кейін 26 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Басылым оқырмандарының айтуынша, қайғылы оқиға сенбі, 8 тамыз күні болған. Аудан орталығында сол күні той өтіп, мерекеден кейін қонақтардың бірі жанжалда өлтірілген.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, ол полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.
Қылмыстың басқа мән-жайлары, соның ішінде жанжалдың себебі тергеушілер тарапынан анықталуда.
