Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды

    Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды

    Фото: TengriNews

    Дастан Рыспеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Дастан Адайұлы Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

    Ол 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы КАЗГЮУ Алматы заң академиясында «Құқықтану» мамандығын меңгерген. Ал 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

    Рыспеков еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бас маман болып бастаған. Кейін осы департаменттің экономикалық саясат және салалық жоспарлау бөлімін басқарды.

    2011-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, есепке алу және ақпараттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2013-2015 жылдары Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.

    2015-2016 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде жоспарлау және мониторинг секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

    2016-2018 жылдары «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-да Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры әрі бас бухгалтері болды.

    2018-2019 жылдары Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарды. 2019-2020 жылдары «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

    2020-2023 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.

    2023-2024 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылғы наурыздан қазанға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

    2024 жылғы 9 қазаннан 2026 жылғы 17 шілдеге дейін Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарды.

    Енді Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде мемлекеттік инспектор ретінде жұмысын жалғастырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →