Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды •

    Такси жүргізушісі «амандаспады» деп әйелді көліктен қуған

    Такси жүргізушісі «амандаспады» деп әйелді көліктен қуған

    Фото: Pixabay

    Әлеуметтік желіде такси жүргізушісінің өзімен амандаспағаны үшін сырқаттанып тұрған жолаушы әйелді көліктен түсіріп жіберген видеосы тарап, үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бейнежазбада жүргізуші амандаспауды өзін сыйламау деп бағалап, жолаушыдан дереу көліктен түсуді талап етеді. Оқиғаға тап болған азаматша өзінің денсаулығы болмай тұрғанын айтып, «орнымда еркек немесе күйеуім отырса, олай істемес едіңіз» деп ренішін білдірді. Желі қолданушыларының бір тобы жүргізушінің бұл қылығын қызмет көрсету мәдениетіне сай келмейтін дөрекілік десе, екіншілері сыйластықты бірінші орынға қойып, жүргізушіні қолдап шықты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық тасымалмен айналысатын жүргізушінің себепсізден-себепсіз жолаушыға қызмет көрсетуден бас тартуға ешқандай құқығы жоқ. Ал жергілікті әкімдік пен жауапты басқармалар қаладағы такси қызметінің сапасы мен жолаушылар тасымалындағы тәртіпті бақылауда әлі де әлсіздік танытып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →