Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    Рақымшылыққа ілінген 620 адам түрмеден шықты

    Рақымшылыққа ілінген 620 адам түрмеден шықты

    Фото: depositphotos.com

    Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жүзеге асырылып жатқан рақымшылық шаралары бойынша 1300-ден астам азаматқа қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    ІІМ заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшелерде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Материалдардың уақытылы дайындалуы, соттарға жолдануы және қабылданған шешімдердің орындалуы күн сайын бақылауда.

    ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, қазіргі уақытта соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданған. Заң күшіне енген алғашқы күннен бастап барлық аумақтық бөлімшелерде жүйелі жұмыс ұйымдастырылды.

    — Біз күн сайын материалдардың уақытылы дайындалуын, олардың соттарға жолдануын және қабылданған сот шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстаймыз. Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған, — деді Нияз Рыспаев.

    Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шыққан. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды.

    — Босатылған азаматтарға әкімшілік қадағалау белгіленеді. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды. Бұдан бөлек, 730-дан астам сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды. Айта кету керек, қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды, — деді Нияз Рыспаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →