Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде

    Ақтаулық кәсіпкер балаларға мейірленемін деп айыппұл арқалады

    Ақтаулық кәсіпкер балаларға мейірленемін деп айыппұл арқалады

    Фото: Pixabay

    Ақтаулық кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 1 тамызда 14-шағынауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың бірінде болған. Сауда орнының ашылуына орай кәсіпкер балаларға тегін 50 балмұздақ пен 30 йогурт үлестірген.

    «Алайда мұндай акцияны өткізер алдында жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет», – дейді қалалық әкімдік.
    Осы талап сақталмағандықтан, кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    Қала әкімдігі кәсіпкерлердің мұндай бастамасына қарсылығы жоқ. Алайда тегін өнім тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сай ұйымдастырылуы керек екенін жеткізді.

    «Осындай іс-шараларды өткізер алдында жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатын алу қажет. Сондай-ақ балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды тәсілдерді қарастырған жөн. Өйткені мұндай акциялар кезінде адамдардың жаппай жиналуы түрлі қолайсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін», – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →