Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды •

    Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады

    Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкенін тонап, сатушыны пышақпен қорқытты. Полиция күдіктіні қалың шөптің арасынан тауып құрықтады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

    Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Оралда бетперде киген және қолына пышақ ұстаған ер адам азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алғашқы мәліметті Azattyq Rýhy басылымы таратты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 30 шілде күні сағат 15:40-та полицияның «102» арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткені туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дүкен мен оған іргелес аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын жедел зерделеп, күдіктінің фотосуретін әзірледі. Бірнеше минут ішінде барлық наряд пен қызметтерге бағдар беріліп, аумақ толық қоршауға алынды.

    Полиция күдіктінің алысқа ұзап үлгермегенін ескеріп, іздеуді жақын маңнан бастады. Бұл болжам дәл шықты.

    «Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқады. Алайда ол қолындағы пышақпен полиция қызметкерлеріне тап берді. Өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан, Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Еркебұлан Жұмақашев пен Берік Лукпанов жоғары жауынгерлік дайындық танытып, арнайы әдістерді шебер қолданды. Олар қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →