Пойыз машинисіне жолда адамдардың жүргені туралы уақтылы ескертілмеген. Салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.
Соттың 9 шілдедегі үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкеріне 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
