Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр? Жезқазғандағы желге ұшқан миллиондар: Жасанды көгал бір айға да шыдамады Шенеуніктер қайда қарап отыр? Көкшетауда тұрғындарды қоқыс иісі тұншықтырып барады Алапат өрт: Оралда төтенше жағдай жарияланды Қара теңіздегі дабыл: Қазақстанның мұнай экспорты неге бір құбырға байланған және КТК тоқтаса не болады? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр? Жезқазғандағы желге ұшқан миллиондар: Жасанды көгал бір айға да шыдамады Шенеуніктер қайда қарап отыр? Көкшетауда тұрғындарды қоқыс иісі тұншықтырып барады Алапат өрт: Оралда төтенше жағдай жарияланды Қара теңіздегі дабыл: Қазақстанның мұнай экспорты неге бір құбырға байланған және КТК тоқтаса не болады?

    Қостанайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығында асөспірім көз жұмды

    Қостанайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығында асөспірім көз жұмды

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

    Қостанайдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығында 14 жастағы ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленуші көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөлімі аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеді. Оқиғаның нақты мән-жайы мен өлім себебін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

    «Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Өлімнің нақты себебі мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігі.

    Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің ықтимал себептерінің бірі – жүректің тоқтап қалуы.

    Әкімдіктің мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні тәрбиеленушінің жағдайы қанағаттанарлық болған.

    «Баланың дене қызуы көтерілмеген, ешқандай шағым болмаған. Ол белсенді болып, түскі асын ішкеннен кейін күндізгі ұйқыға жатқызылған», – делінген хабарламада.

    Билік өкілдерінің айтуынша, мекемеде тәрбиеленушілерге тәулік бойы күтім көрсетіледі. Әр топта кіші медицина қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, медициналық бекеттер ұйымдастырылған және балалар жүйелі түрде тексеруден өтеді. Олардың денсаулығын педиатр мен невропатолог сияқты мамандар бақылауда ұстайды.

    Сондай-ақ әр топқа кондиционерлер орнатылғаны, ал аптап ыстық кезінде бөлмелердегі температура мен балалардың су ішу режимі ерекше бақылауда болатыны атап өтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →