Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады

    Алматыда дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған баланы аман алып қалды

    Алматыда дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған баланы аман алып қалды

    Фото: © istockphoto.com

    Алматыда бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жастағы балаға нейрохирургтер аса күрделі ота жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info мегаполистің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлер баланы тексеріп, оған бірнеше ауыр жарақат диагнозын қойды. Оның ішінде бірінші бел омыртқасының ығысуымен және жұлынның қысылуымен қатар жүрген компрессиялық сынуы анықталған.

    Дәрігерлер консилиумы екі кезеңнен тұратын хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Алдымен нейрохирургтер омыртқа өзегін қысымнан босату операциясын жасап, кейін арнайы бекіту жүйесінің көмегімен бел омыртқасын тұрақтандырды.

    Отаны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айдын Нүсіпқожаев нейрохирургтер Мұхтар Ибрагимов және Алтай Анарбаймен бірге жасады.

    «Біз баланың қимыл-қозғалыс қызметін қалпына келтіре алдық. Оңалту курсынан кейін ол өздігінен жүре алады», – деді Айдын Нүсіпқожаев.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бүлдіршіннің жағдайы айтарлықтай жақсарған. Стационарлық ем аяқталған соң ол әрі қарай бақылау мен оңалтудан өту үшін үйіне шығарылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →