Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр

    «Былтыр ғана төселген»: Теміртауда жаңа жолды ауыр жүк көліктері талқандап жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Теміртаудың Ескі қала бөлігіндегі №1 мектеп төңірегінде, Заводская көшесінде орнатылған су жаңа асфальттың бүгінде талқаны шығып жатыр.

    Тұрғындардың сөзінше, небәрі бір жыл бұрын ғана төселген бұл жолды салмағы ауыр жүк көліктері тоқтаусыз жүріп, осылай ойрандап тастаған. Ата-аналар мектеп жанындағы мұндай ауыр көлік қозғалысы балалардың қауіпсіздігіне де үлкен қатер төндіреді деп шырылдайды.

    Мұндай салмаққа есептелмеген көшеде ауыр көліктердің емін-еркін жүруіне кім рұқсат бергені әлі күнге дейін белгісіз. Тұрғындар мердігер мекеме беретін кепілдік мерзімі жұмыс істей ме, әлде бүлінген жол тағы да бюджет есебінен жөнделе ме деп сұрақ қоюда. Жауапты шенеуніктер мен әкімдік өкілдері тұрғындардың бұл шағымына әлі нақты жауап берген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →