Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр

    СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр

    Фото: видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қарасты Семиполка ауылының тұрғындары төрт жылдан бері таза ауыз суға зар болып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Жергілікті билік орталықтандырылған су жүйесін тартамыз деп уәде бергенімен, бастаған іс аяқсыз қалып, халық лай су ішуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, құдықтан тасып жүрген суларының сапасы өте төмен, тіпті қайнатқанда шәйнектерді де істен шығарады. Шенеуніктер болса, мәселені түбегейлі шешудің орнына «күніне бір фляг су алыңдар» деп шектеу қойып, бар кінәні мердігер мекемеге ысыра салды.

    Құр сөзге әбден мезі болған халық көшені қайта қазбақ болған жұмысшыларға қарсы шығып, жергілікті әкімдікке мүлде сенім білдірмейтінін айтты.

    Видео: kursiv.media.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →