Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр

    Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр

    Фото: видеодан скрин

    Жезқазған қаласындағы балалар ойын алаңы қараусыз қалып, тұрғындардың өз бетінше тазалық жұмыстарын жүргізуіне тура келді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Желі қолданушысы @zhansaya.muratovna бұл мәселені бұған дейін де әлеуметтік желіде көтеріп, құзырлы органдарға ресми арыз жазғанымен, әкімдік тарапынан ешқандай реакция болмаған. Жергілікті биліктің балалардың қауіпсіздігі мен аула тазалығына қатысты өтінішті ескерусіз қалдыруы қала тұрғындарының заңды наразылығын тудырып отыр. Атқарушы билік өз міндетін орындамағандықтан, ата-аналар қолдарына сыпырғыш пен қолғап алып, алаңды өз күштерімен ретке келтіруге көшті. Өңір әкімдігінің мұндай әрекетсіздігі мен халық арызына құлақ аспауы мемлекеттік органның жұмыс сапасына үлкен күмән ұялатады. Жезқазған қаласының әкімдігі бұл мәселені шұғыл бақылауға алып, балалар алаңының қауіпсіз әрі таза болуын қамтамасыз етуі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →