Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды

    «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді

    «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді

    коллаж: qazaqtoday.info

    Белгілі актер, «Нысана» театрының әртісі Дәнекер Оразбай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет сапасына қатысты өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, ұлы жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін барғанымен, құжат алу процесі бірнеше күнге созылған.

    Өнер иесінің сөзінше, олар мамандандырылған ХҚКО-ға қатарынан екі күн барып жүрген. Оның айтуынша, орталықта техникалық ақаулар жиі қайталанады: бірде электр қуаты сөніп қалады, бірде ақпараттық жүйе істен шығады. Сонымен қатар, ғимараттағы кондиционерлер жұмыс істемей, электронды кезек таблоларының да жиі тоқтап қалатынын жеткізді.

    «Ұлым жүргізуші куәлігін алу үшін келді. Бүгін осы жерде жүргенімізге екінші күн. Біресе жарық өшеді, біресе база жұмыс істемейді. Кондиционерлер істемейді, кейде электронды таблолар да сөніп қалады. 1414-тен SMS күтіңіздер дейді, бірақ ешқандай хабарлама келмейді», – деді актер.

    Дәнекер Оразбай мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің баяу жұмысын сынға алып, айыппұл туралы хабарламалар лезде келетінін, ал жүргізуші куәлігін рәсімдеуге қатысты хабарламалардың кешігіп жететінін айтты.

    «Көлікпен жүріп ереже бұзсақ, айыппұл туралы SMS бірден келеді. Ал неге базаға тіркелгеніңіз жөніндегі хабарлама уақытында жолданбайды?» – деп сауал қойды ол.

    Сондай-ақ актер жауапты мекемелерді мамандандырылған ХҚКО-дағы дерекқордың, интернеттің және жалпы қызмет көрсету жүйесінің жұмысын жақсартуға шақырды. Оның пікірінше, қазіргі жағдай тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызуда.

    «Мұны халыққа қызмет көрсету орталығы емес, халыққа қиянат көрсету орталығы деп атауға болатын шығар. Жауапты басшылар база мен интернеттің жұмысын реттеп, жүйені жетілдірсе екен. Қазіргі жағдай көңіл көншітпейді», – деді Дәнекер Оразбай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →