Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті •

    Алматыда тауда жоғалған 4 жасөспірім туралы соңғы дерек шықты

    Алматыда тауда жоғалған 4 жасөспірім туралы соңғы дерек шықты

    Фото: видеодан скрин

    Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Проходное (Алмарасан) шатқалында құтқарушылар тауда адасып кеткен төрт жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    ҚР ТЖМ «Барыс» құтқару қызметінің мамандарына түнгі уақытта жасөспірімдердің байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары дереу ұйымдастырылды.

    Іздеу бағытын анықтауға жасөспірімдердің бірінің бұған дейін түсіріп жіберген бейнежазбасы көмектесті. Байланыстың болмауына және нақты геолокацияны анықтау мүмкін еместігіне қарамастан, құтқарушылар таулы аумақты толық тексерді.

    Нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңынан, тау лашығынан жоғары орналасқан аумақтан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

    Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде тау соқпағымен төмен түсіріп, ата-аналарына тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →