Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды •

    «Аян түстер көрді»: Мәдина Ерәлиеваның бауыры әншіге қатысты құпияны ашты

    «Аян түстер көрді»: Мәдина Ерәлиеваның бауыры әншіге қатысты құпияны ашты

    Фото: видеодан скрин

    Марқұм Мәдина Ерәлева туралы Сағира Ерәлиева әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, Мәдина шамамен жарты жыл бойы аян түстер көрген. Сағира Ерәлиева бұл туралы былай деп жазды:

    «Мәдинаш шамамен жарты жылға жуық аян түстер көре бастаған… Бірін айтса, бірін айтпады.. Бір күні Арыстан-баб түсіне кіріп, «келмейсің бе күтіп отырмыз ғой», — деген дауысын естіген Мәдинаш, таңертең машинасына отырып кесенесіне құран бағыштауға тартып отырған… Байқасаңыз суретте қобалжып отыр… Ойлап отырсам жарты жылға жуық, дайындалып жүріпті… Мешітке жиі барып, маған құран кітапшалар әкеле бастады. «Мешітке бардым,мамаға құран бағыштадым», — десем, «дұрыс-дұрыс, құран бағыштап тұр», — деп қуанып қалатын… Кейбір ескертулеріне, сөздеріне қарап «бұған не болған, қартаяйын деген бе», — деп ойлап қоятынмын…», деп жазды.

    Сондай-ақ ол Мәдинаның соңғы күндеріндегі әрекеттері кейін ойландырғанын айтты.

    «Сол жолы жолға шығуға екі-үш күн қалғанда жүгіріп жүріп балаларыма, өзіме 4-5 жылға жететіндей (қалың,жұқа) киімдер алып, оқуымның ақшасын төлеп тастады. Асығып, басыма қалың бас киім іздеді. Бір-екі апта бұрын үйімнің жанына гараж құрғызып, Арсеннің бір машинасын, «керек емес» дегенімізге қоймай гаражға кіргізіп кетті… Арсен екеуміз соңғы сапарға шығарып салып тұрғанда, Арсеннің қасында өзің болшы, — деді… Мен бірақ суық хабарды естігенде өз үйімде жүргенмін..! Құрметті достарым, Мәдинаштың қазасына байланысты небір алыпқашпа сөздерден гөрі, өзімнің айтқаным дұрыс деп шештім…», деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →