Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды Тегін емге ақша алған: Атырау облысында күдікті дәрігердің ісі сотқа жетті «Аман жүр, Ақ Қайрош!»: Қайрат Нұртас қарттарға ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО) Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды Тегін емге ақша алған: Атырау облысында күдікті дәрігердің ісі сотқа жетті «Аман жүр, Ақ Қайрош!»: Қайрат Нұртас қарттарға ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО) Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Жаздың ең жарқын мәдени жобаларының бірі Almaty Summer Fest аясында алтыншы open-air концерті сәтті өтті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан музыкалық кештер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыстың сәнін келтіріп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Жоба басталғалы бері өткен алты концертке 60 мыңнан астам көрермен қатысты. Ашық аспан астындағы сахнада Kalifarniya, Qanay, Бүркіт пен Айша, Жанболат пен Жазира, Елнұр Наурызбек, Ғаламат Бейсеқожа, Ернар Жұматаев, Aksunkar, Жұма Әбіл, Азамат Төрехан, Ердәулет Мұратұлы, Nurislam, JVSMIN, Dana Turar, Baymaman және DJ Akhmetoff өнер көрсетті.

Концерт «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында өтіп жүр. Бұл орын бүгінде Алатау ауданының тұрғындары мен қала қонақтарын тоғыстыратын маңызды мәдени орталыққа айналып келеді.

Almaty Summer Fest жобасының басты мақсаты – қала тұрғындары мен туристерге қолжетімді әрі сапалы мәдени демалыс ұсыну, қазақстандық өнерпаздарды қолдау және Алматының мәдени өміріне тың серпін беру. Ашық аспан астындағы концерттер түрлі жастағы көрермендердің қызығушылығын арттырып, шаһардың жазғы мәдени бағдарламасының айтулы дәстүріне айналып келеді.

Жаз бойы танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын концерт әр сенбі сайын жалғасады. Алматылықтар мен қала қонақтары алда әлі талай әсерлі әрі әуезді концертке куә болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →