Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күнімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай сол елдің Президенті Яков Милатовичке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен сыйластыққа құрылған ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Президенттің жеделхатында Яков Милатовичтің Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқандығы және кең ауқымды салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік бергендігі атап көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, достас Черногория халқына құт-береке мен молшылық тіледі.
