Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін •

    Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салынады

    Жетісу облысы елімізде алғашқы болып Талдықорған қаласында үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық ашты. Осы және өзге де әлеуметтік қорғау саласындағы шаралар туралы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев брифинг барысында баяндап берді, — деп хабарлайды Qazaq.today Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және Алакөл, Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған Оңалту бөлімшелері іске қосылған. Соның ішінде биыл Алакөл жағалауында мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы демалыс үйі ашылады.

    Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →