Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

«ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

«ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды мен Теміртау қалаларын жалғайтын республикалық маңызы бар күре жолда сыртқы жарықшамдардың сөніп қалғанына төрт күннен асты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Түн батса, мыңдаған көлік ағылатын күре жол көз түрткісіз қараңғылыққа зәру болып, жүргізушілердің зәре-құтын қашырып отыр. Жоғары жылдамдықпен жүретін бұл аймақта көру мүмкіндігінің нашарлауы жол-көлік оқиғаларының қаупін бірнеше есеге арттырды. Ақылы жолдардан миллиардтап ақша жинауды білетін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы халық өміріне тікелей қауіп төндірген бұл ірі ақауды ретке келтіруге асығар емес.

Көлік тізгіндеген азаматтар тас қараңғыда кенеттен пайда болатын кедергілер мен жаяу жүргіншілерді уақытылы аңғару мүмкін емес екенін айтып, дабыл қағуда. Стратегиялық маңызы бар жолды қараусыз қалдырған жауапты мекеменің бұл әрекетсіздігі тұрғындардың заңды ашу-ызасын тудырып отыр.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика